"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірі бойынша филиалының президенті
Алменова Найля Сапановна - "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірі бойынша филиалының президенті.
1965 жылы Семей облысында дүниеге келген.
1988 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын "Педиатрия" мамандығы бойынша; ал 1999 жылы – Р. Байсейітов атындағы Қаржы-экономикалық колледжін "Қаржыгер"мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы дәрігер-педиатр маманы болып Бородулиха ауданының Камышенка ауылдық дәрігерлік амбулаториясында бастаған. Кейінірек "Гармония" жеке клиникада отбасылық дәрігер болып жұмыс атқарды және «Семей қ. №3 аралас типті емханасының» бас дәрігері болды. Жанұялық дәрігерлер Ассоциациясынің басқармасының мүшесі. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің Ішкі әскерлеріне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен және көптеген мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.
"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы марапаты – "Алтын Дәрігер" төс белгісі мен "AVE VITAE" орденінің иегері.