Главный врач КГП на ПХВ «Городская поликлиника № 3»
Ташетова Алия Жаксылыковна, қазақ, 15 тамыз 1962 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мектеп Есіл ауданында дүниеге келген.
Тұрмыста, 3 баласы, 5 немересі бар.
1985 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Кейін Петропавл қаласындағы №3 қалалық ауруханасында институттың емханасында интернатураны өтті.
Еңбек жолын №2 қалалық ауруханада 10 жыл бойы учаскелік дәрігер терапевт жұмыс атқарды. №1 қалалық емханасында дәрігер-терапевт жұмысын жалғастырып 3 жыл бойы алдын алу бөлімшесінің меңгерушісі жұмысын атқарды.
2004 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. ДБ СҚО емдеу – профилактикалық мекемелерінің және лицензиялау бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды. 26.04.2007 жылдан бастап Петропавл қаласы бойынша ЕСҰ-ы жетекшілік ететін СҚО денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары.
2008 жылдың қараша айынан бастап КМК ШЖҚ "№ 3 Қалалық емханасы" бас дәрігері. Жалпы медициналық стажы - 30 жылдан астам. Бірнеше рет денсаулық сақтауды ұйымдастырушы ретінде ҚР жетекші институттарын базасында жетілдіру курстарына білім жетілдіріп, үнемі халықаралық конференцияларға, семинар – тренингтерге қатысады.
2014 жылдан бастап денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санаты бар.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған төсбелгісімен, "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" медалімен, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының Алғыс хатымен марапатталған. Денсаулық сақтау министрлігінің, қала және облыс әкімдігі Алғыс хатымен марапатталған. "Нұр Отан" партиясының мүшесі. 2016 жылдың 20 мамырынан бастап 6 шақырылымның қалалық Мәслихат депутаты болып сайланған.