"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ Алматы облысы бойынша филиалының президенті, Алматы облысы Талғар қ. аудандық Орталық аурухананың емдеу жұмысы бойынша директор орынбасары
Сарсенбаев Ербол Жаксылыкович - "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ Алматы облысы бойынша филиалының президенті, Алматы облысы Талғар қ. аудандық Орталық аурухананың емдеу жұмысы бойынша директор орынбасары.
1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша; 1990 жылы – "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатураны бітірген. 1990 – 2001 жж. Алматы облысы Талғар қ. Орталық аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшенің хирург-дәрігері, 2001 – 2003 жж. Орталық аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, 2007 – 2008 ж. ж. Алматы қ. №2 Орталық қалалық клиникалық ауруханасінің хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, 2008 – 2010 жж. Алматы қ. "Алматы-1 станциясындағы Темір жол ауруханасы АҚ филиалы " хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Отандық және шетелдік баспаларда 20-дан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстары бар. 5 инновациялық патент және 7 авторлық куәлігі мен өнертабыс алды. Бірнеше рет баяндамасын, Халықаралық және Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда, сондай-ақ отырыстарында Алматы қаласы және Алматы облысы хирургтар Қоғамының отырыстарына қатысқан. Марапаттары: "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін", 2013 жыл; Талғар ауданы Әкімінің 2012 жыл "Құрмет грамотасы"; Талғар ауданы Әкімінің "Алғыс хат" 2011 жыл.
"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы марапаты – "Алтын Дәрігер" төс белгісі мен "AVE VITAE" орденінің иегері.