"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының президенті. Медицина ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер
Тлеулиев Кенжеали Дербисалиевич - "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының президенті. Медицина ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер.
1971 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1996 жылы Алматы мемлекеттік медиициналық институтының педиатрия факультетін бітірген. Институтты бітірген сон педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша ординатурадан өткен. Болып жұмыс істеді 1999 жылы Қызылорда қ. облыстық аурухананың рентген-диагностикалық бөлімшесінің дәрігер-эндоскописті болып; 2000 жылы – сол аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі болып; 2001 – 2004 жж. – облыстық денсаулық сақтау Басқармасының реформалау, маркетинг және ақпараттандыру бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарған. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облыстық консультативтік-диагностикалық орталықтің бас дәрігері.
"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы марапаты – "Алтын Дәрігер" төс белгісі мен "AVE VITAE" орденінің иегері.