Медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, «Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық қоғамдық үйлестіру комитеті» төрағасының орынбасары, БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшысы, АРТА сарапшылық кеңесінің мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесінің мүшесі, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Комиссияның мүшесі, Алматы Әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат Комиссиясының мүшесі, Дүниежүзілік Медициналық Ассоциациясының мүшесі, Еуропалық медициналық ассоциациялары Форумының мүшесі, Еуропалық сапалы клиникалық практика комитетінің мүшесі, ТМД елдерінің этикалық комитеттері Форумының мүшесі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы денсаулық сақтау бойынша Комиссиясының мүшесі
Садыкова Айжан Бегайовна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, «Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық қоғамдық үйлестіру комитеті» төрағасының орынбасары, БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшысы, АРТА сарапшылық кеңесінің мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі Ұлттық үйлестіру кеңесінің мүшесі, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Комиссияның мүшесі, Алматы Әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат Комиссиясының мүшесі, Дүниежүзілік Медициналық Ассоциациясының мүшесі, Еуропалық медициналық ассоциациялары Форумының мүшесі, Еуропалық сапалы клиникалық практика комитетінің мүшесі, ТМД елдерінің этикалық комитеттері Форумының мүшесі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы денсаулық сақтау бойынша Комиссиясының мүшесі.
1960 жылы Шығыс Қазақстан облысында туылды.
1978 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтына түсіп, 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірді. Жоғары санатты дәрігер.
Екінші жоғары заңгерлік білімі бар.
"Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігін, "Психология және психотерапияның институты" ЖШС, ЖШС, "Тәуелсіз сарапшылар Ассоциациясы "ZdravExpert" ЖШС, "Емдеу-сауықтыру орталығы "Ак-ниет" мекемесінің," «ZdravAtameken» денсаулық сақтау субъектілерінің Ассоциациясын, "Қазақстан-1" телеарнасындағы "Денсаулық" теледидарлық хабарын және "Өмір Үшін" газетін құрудың бастамашысы.
"Біз – дәрігерміз!" гимнің, ҚР дәрігері Антының, Алматы қаласының 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орнатылған медик-майдангерлерге арналған ескерткіштің, "Алтын Дәрігер" үздік дәрігер және "Мейірім" –мейірімділік пен ізгілік үшін марапаттауға араналған төс белгілерінің авторы.
"Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін" медалімен, ҚР ІІМ – апаттар медицинасы қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен, "Астана қаласының 10-жылдығы" медалімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен үкіметтік наградалармен марапатталған және де "Невада-Семей" Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс" медалімен, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің "Денсаулық сақтау ісінің үздігіне" төсбелгісімен, ҚР Үкіметі және халықаралық ұйымдардың Алғыс хаттарымен марапатталған. Тұрмыста, 2 ұлы бар.