Медицина ғылымдарының кандидаты, 11 ғылыми еңбектің авторы. Жоғары санатты дәрігер-денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ Павлодар облысы бойынша филиалының президенті
Ахметжанов Канадан Канашевич - медицина ғылымдарының кандидаты, 11 ғылыми еңбектің авторы. Жоғары санатты дәрігер-денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" РҚБ Павлодар облысы бойынша филиалының президенті.
1961 жылы Павлодар облысы туылды.
1988 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын, "Емдеу ісі"мамандығы бойынша бітірген; 1990 жылы Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығының медицина ғылымдары Академиясында, КСРО аспирантураны бітірген (Мәскеу қаласы).
Әр жылдары Павлодар қаласында төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек курсының ассистенті, дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінің және апаттар медицинасы дәрігерлер білімін жетілдіру курсымен факультетінің меңгерушісі, "Алюминий Қазахстан" АҚ МО бас дәрігері, №4 емхананың бас дәрігері, "Павлодар облыстық жедел медициналық көмек станциясы" бас дәрігері, денсаулық сақтау Басқармасы медициналық көмек көрсету бөлімінің бас маманы.
"Құрмет" орденімен, Құрмет грамоталарымен," денсаулық сақтау Департаменті мен денсаулық сақтау Басқармасының, Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының төсбелгісімен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің Үздігі», ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Комитеті медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау (Астана қ.) және Павлодар облысының әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталған. "Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы марапаты – "Алтын Дәрігер" төс белгісінің иегері.