"Ұлттық Медицина Қауымдастығы" РҚБ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, МКҚК Т. О. Орынбаев атындағы Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігерінің орынбасары, (Шымкент қ.), Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға оқытушысы
Тулеев Икрам Тулеевич - "Ұлттық Медицина Қауымдастығы" РҚБ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, МКҚК Т. О. Орынбаев атындағы Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігерінің орынбасары, (Шымкент қ.), Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға оқытушысы.
1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. 1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын "Педиатрия" мамандығы бойынша; 1975 жылы – интернатура бойынша балалар хирургиясын бітірді. 1974 жылдан – Шымкент қ. №6 ауруханада дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып; 1977 – ГБО бөлімшесінде ғылыми қызметкер болып; 1992 жылы – Шымкент қаласы бойынша қалалық денсаулық сақтау Басқармасының бастығы; 1994 жылдан бастап – №5 емханасының бас дәрігері болып; 1997 – токсикология жедел медициналық жәрдем ауруханасы бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
И. Т. Тулеевтің бастамасы бойынша Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің саябағында "Дәрігерлер Аллеясы" қаланған. 50-ден астам ғылыми мақалалардың, екі рационализаторлық ұсыныстар, үш өнертабыстардың авторы. Мемлекеттік тілде "Клиникалық токсикология негіздер " оқу құралын шығарған. Облыстық және қалалық әкімдіктердің құрмет грамоталарымен, "С. Асфендияров атындағы АММИ 80 жыл", "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі", "ТМД-ның Үздік адамдар қоғамдық кеңес беру кеңесінің" (2012 ж.) төм белгілерімен марапатталған.
"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы марапаты – "Алтын Дәрігер" төс белгісі мен "AVE VITAE" орденінің иегері.