азақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің Үздігі". Қазақстан Республикасы жоғары Кеңесінің депутаты (1994 ж.)
Садықов Айтжан Айтмуканович - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің Үздігі". Қазақстан Республикасы жоғары Кеңесінің депутаты (1994 ж.).
1951 жылы Павлодар облысы туылған. Екі жоғары білімі бар: медициналық – 1974 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын бітірген, мамандығы бойынша "Дәрігер-педиатр"; заңды – 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Заңгер-құқықтанушы"мамандығы бойынша бітірген.
1974 – 1980 жылдар аралығында балалар хирургиясы бойынша интернатураны бітірген, Облыстық балалар ауруханасында травматолог-ортопед болып жұмыс істеді, Павлодар қаласында 1980 – 1992 жылдары СММИ балалар хирургиясы кафедрасыныі ассистенті, , Главпавлодарстрой медициналық-санитариялық бөлім бас дәрігерінің орынбасары, 1992 – 1994 ж. аралығында Лебяжі ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары. Павлодар облысы. 1995 жылдан бастап 2004 жылдар аралығында ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жүйесінде жауапты лауазымдарды атқарған, фармация мәселелерімен, заңнама және міндетті медициналық сақтандыру сұрақтарымен шұғылданды.
2005 – 2012 жылдары кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы Басқарма бастығы ызметін, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп Министрлігінде, индустрия және сауда, сондай-ақ ҚР төтенше жағдайлар Министрлігі апаттар медицинасы және психологиялық қызмет Басқарма бастығы қызметін атқарған. А. Садыковтің тікелей қатысуымен ҚР-ның бірқатар заңдары әзірленді және қабылдаған, атап айтқанда, «Ядролық сынақтардан зардап шеккендерді қорғау», «Азаматтардың денсаулығын Қорғау», «Жеке кәсіпкерлік туралы», сондай-ақ Мемлекеттік даму бағдарламасы фармацевтикалық және химиялық өнеркәсіп саласында.
Антиядролық қозғалыс бойынша Халықаралық конференцияларға белсенді қатысты: Берлин – ГФР, 1993 ж.; ДДҰ: Копенгаген қ. – Дания, 1994 ж., төтенше жағдайлар бойынша: Хамамад – Тунис қ., 2010 ж. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығында" жұмыс атқарады. Оннан астам жұмыстын авторы. Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрметті, ҚР индустрия және сауда Министрлігі, бүкіл әлемде Семей ядролық полигонын жабу және насихаттау қозғалысына белсене қатысқаны үшін грамоталарымен марапатталды. "ҚР денсаулық сақтау ісінің Үздігі", "Семей-Невада" Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған және 25-жылдығына арналған Халықаралық Антиядролық қозғалысы мен, " Онжылдық-Астана медалі" төс белгілерімен марапатталған.
"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы марапаты – "Алтын Дәрігер" төс белгісінің иегері.