"Ұлттық Медициналық Ассоциациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлайды: 2016 жылы бізбен "Медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын көтеруге бағытталған іс-шаралар өткізу" тақырыбына арналған Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының жобасы орындалуда. Бұл жобанын басты міндеті – Алматы қаласының барлық аудандарында сауалнама (анкета) жүргізіп, қорытындысын брифингте шығара отырып, сондай-ақ "Қауырт желі телефонын" Алматы қаласының тұрғындарынан қоңырау қабылдауын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру болып табылады.