2016 ж. 11-12 мамырында Алматы қаласында Ұлттық Медициналық Ассоциациясының VII Бас Ассамблеясының аясында денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар мен медиаторлардың I съезі өтті. Съездің ұран сөздері " Кәсіптің беделі – медициналық қызметкерлердің қолында " болды. Съезд жұмысына практикалық денсаулық сақтау, медициналық білім беру, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, құқық қорғау органдарының, сот, прокуратура, адвокаттар алқасының, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен журналистер қатысты. Съездге Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің дәрігерлері шақырылды.